Тарихы
Компанияның қалыптасу кезеңдері
«R-Finance» МҚҰ» ЖШС - өз қызметін 2015 жылғы ақпанда бастаған, автокөлік және арнайы техника кепілімен микрокредиттер беру бойынша қызметтер көрсететін қарқынды дамып келе жатқан микроқаржы ұйымы (бұған дейін - автоломбард).
Компания өзінің алғашқы филиалын Ақтөбе қаласында ашты. Қазіргі уақытта Компания Қазақстанның 15 ірі қаласында ұсынылған, онда 100-ден астам қызметкер жұмыс істейтін 20-дан астам филиалы бар.
Осы уақыт ішінде Компания өзінің қалыптасуының бірнеше кезеңдерінен өтті.
Олардың бірі Қазақстан Республикасының аумағында микроқаржы қызметін жүзеге асыруға 2020 жылғы 26 наурыздағы № 01.21.0020 М лицензияны алу болып табылады.
Компания бағалы қағаздар нарығында белсенді қызмет жүргізеді.
2020 жылғы тамызда Компанияның облигациялары «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) ресми тізіміне енгізілген, бұл оған Қазақстанның алғашқы микроқаржы ұйымдарының алғашқыларының бірі болып АХҚО биржасына қолжетімділік алуға мүмкіндік берді.
2020 жылғы желтоқсанда Компания облигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізіміне енгізілген микроқаржы ұйымдарының арасында екінші болды.