Бос жұмыс орындары
R-Finance МҚҰ ЖШС облигациялар эмитенті болып табылады.
МҚҰ теңгемен және АҚШ долларымен облигациялар шығарды.
Теңгемен облигациялар «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да орналастырылған және саудаланады.
АҚШ долларымен облигациялар «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (Astana InternationalExchange) орналастырылған және саудаланады.
Біз өз командамызды кеңейтіп жатырмыз және оған командада жұмыс істей алатын және алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатын жаңа белсенді, өршіл және ынталы адамдарды қабылдауға дайынбыз.
Мұнда сіз мансаптық өсу үшін шексіз мүмкіндіктер және ең бастысы табыс табудың шексіз мүмкіндіктерін таба аласыз.
Міндеттері:
- ЖШС және инвесторлар, инвестициялық қорлар арасында тиімді екіжақты коммуникациялық байланыс құру;
- Инвестициялау процесінің барлық әлеуетті және нақты тараптары - инвесторлармен, инвестициялық қорлармен, банктермен, компания басшыларымен, серіктес компаниялармен байланыс орнату және қолдау;
- Инвесторды тарту қажеттілігін талдау, инвесторларды тарту, мәмілелердің неғұрлым тиімді шарттарын алу, инвестициялар бойынша шарттарды жақсарту;
- Облигациялар нарығында бағалы қағаздарды сату бойынша жұмыс;
- Инвесторлар базасын құру және оны өзекті түрде қолдау;
-Әртүрлі инвесторлардың, инвестициялық қорлардың, салалық және өңірлік факторлардың және т.б. талаптарын ескере отырып, оның мазмұнын, құрылымын қоса алғанда, инвестициялау үшін құжаттар топтамасын жинау және оған қойылатын талаптар бойынша нормативтер жасау.
- Компаниялардың, инвестициялық қорлардың, инвесторлардың қаржылық есептілігін талдау.
- Инвестицияларды тарту үшін таныстырылым материалын дайындау. Инвесторлар алдында жобаны (инвестицияларды тарту), компанияның қаржылық жоспарлары, қаржылық жағдайы бойынша материалдарды қорғау (таныстыру);
- Инвестицияларды тарту туралы шарттарды/келісімдерді/меморандумдарды дайындауға және жасасуға қатысу;
- Әртүрлі БАҚ-қа мониторинг жүргізу. Өз компаниясының нарықтағы қызметі, бәсекелестердің қызметі туралы талдамалық зерттеулер жүргізу;
- Инвесторлармен жұмыс істеу және компания ішінде тиісті процестерді жолға қою үшін қажетті әртүрлі анықтамалық материалдарды әзірлеу;
- Қажетті ішкі құжаттаманы әзірлеу.
Талаптар:
Жұмыс тәжірибесі: міндетті түрде инвестицияларды тарту бойынша (компаниялардың, инвестициялық қорлардың өкілі ретінде және т.б.) кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, халықаралық инвесторлармен жұмыс істеу, олармен жасалатын мәмілелерді сүйемелдеу, инвесторлармен мәмілелерді тарту және ресімдеу бойынша барлық қажетті құжаттаманы дайындау, жобаларды қорғау, Excel, PowerPoint-та жақсы жұмыс істеу дағдылары болуы керек.
Кәсіби құзыреттер: көпшілдік, кәсіби баяндамашының тәжірибесі, кез келген аудиториямен қарым-қатынас жасау, аналитикалық қабілеттер.
Тұлғалық құзыреттер: әдептілік, әріптестер мен серіктестерді тыңдай білу және дұрыс диалог құра білу.
Жұмыс шарттары
Жайлы жұмыс орны
Мансаптық даму мүмкіндігі
Ұйымшыл ұжым және корпоративтік іс-шаралар
Сенбі - қысқа жұмыс күні.
Міндеттері:
Қолданыстағы өнімдер бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бөлігінде барлық филиалдардың жұмысын үйлестіру;
Микрокредиттер беруге, инвестициялар тартуға байланысты бизнес-процестерді өзгертуге/оңтайландыруға/жақсартуға/автоматтандыруға қатысу;
Жетекшілік ететін филиалдар бойынша басқарушылық шешімдер;
Кредиттік комитет алдында филиалдардың мүдделерін білдіру;
Филиалдарға сату және сервис бөлігінде оқыту жүргізу;
Барлық өңірлер бойынша бәсекелестердің жағдайларын тұрақты талдау;
Ынталандыруды арттыру мақсатында қызметкерлер үшін әртүрлі конкурстарды әзірлеу/ұйымдастыру/өткізу, аралық/ай сайынғы қорытындыларды есептеу.
Талаптар:
Жоғары білім
Сату, кредиттеу процестерін білу;
Өңірлік бөлімшелерді үйлестіру немесе басқару бойынша жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу; Excel, Power Point бағдарламаларын жоғары деңгейде білу;
Көшбасшылық қасиеттер
Қазір біз Қазақстан нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табыламыз, ал біздің компаниямыздың жетістікке жетуінің негізі - біздің қызметкерлер.
Біздің команда – командалық жұмыс пен табысқа жетелейтін өршіл, нәтижеге бағдарланған адамдар.
Бос лауазымның мақсаты: Компанияны Ақтөбе қаласының нарығында ілгерілету.
Міндеттері:
- Кредиттеу процесіне қатысу;
- Филиалды операциялық басқару;
- Сеніп тапсырылған өңірде сатуды дамыту;
- Клиенттерді тарту және жоспарды орындау;
- Тиімді команда құру (оқыту, дамыту, штатпен жұмыс, әр қызметкердің тиімділігін сақтау);
- Филиалдың барлық қызметкерлерінің жұмысы мен өзара іс-қимылын үйлестіру;
- Бөлімшелерде жарнамалық-ақпараттық, шаруашылық қорлармен қамтамасыз ету;
- Нарықты талдау, даму мүмкіндігін бағалау;
- Өнімді әзірлеуге қатысу;
- Агенттерді тарту;
- Промо-белсенділік жүргізу.
- Кассалық тәртіпті бақылау;
- ЖШС атынан банкпен жұмыс.
Негізгі құзыреттер:
- Кәсіпкерлік;
- Нәтижеге бағдарлану;
- Бастамашылық
Талаптар:
Міндетті:
- Білімі – жоғары экономикалық/қаржылық/басқару немесе бизнес бағыты бойынша;
- Жұмыс тәжірибесі – қаржы, банк ұйымдарында, кредиттеу және сату бөлімшелерінде – 3 (үш) жылдан кем емес; басшы лауазымда жұмыс тәжірибесі – 2 (екі) жылдан кем емес.
Үміткердің артықшылығы:
- Білімі – экономика, қаржы, іскерлік әкімшілендіру немесе маркетинг саласында магистр дәрежесінің болуы;
- Жұмыс тәжірибесі – ШОБ-пен және мерзімі өткен берешекпен жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Қосымша – ағылшын тілін еркін меңгеру.
Жұмыс шарттары
- Жайлы жұмыс орны
- Мансаптық даму мүмкіндігі
- 24 күндік ақы төленетін демалыс және басқа да корпоративтік іс-шаралар
- 6 күндік жұмыс аптасы;
- Бәсекеге қабілетті тиянақталған жалақы + KPI бойынша ауыспалы сыйақы
Қазір біз Қазақстан нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табыламыз, ал біздің компаниямыздың жетістікке жетуінің негізі - біздің қызметкерлер.
Біздің команда – командалық жұмыс пен табысқа жетелейтін өршіл, нәтижеге бағдарланған адамдар.
Қазіргі уақытта біз белсенді өмірлік ұстанымы бар, сатылымда оқуға және өсуге дайын бастамашыл, көпшіл маман - Сату менеджерін іздеудеміз
Міндеттері:
1. Клиенттерді іздеу және тарту («суық» қоңыраулар, қалада жүріп-тұру, клиенттер базасын жүргізу, клиенттердің кеңселеріне бару – күн сайын);
2. Келіссөздер жүргізу, клиентке кеңес беру, клиенттің қажеттіліктерін талдау, өнімдердің таныстырылымдарын өткізу;
3. Клиенттермен жұмыс істеудің тамаша дағдылары;
Талаптар:
- Компьютерлік сауаттылығы: MS Office Word, Excel, E-mail кеңсе бағдарламаларын білу;
- Тиімді сату дағдылары;
- Тамаша коммуникативті дағдылар;
- Егжей-тегжейге назар аудару;
- Ұйымдасқандық және тәртіптілік;
- Сыпайылық пен позитивтілік;
- Сабырлылық;
- Жігерлілік.
Шарттары:
- Тиянақталған жалақы + бонустар;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы;
- 6/1 жұмыс кестесі;
- Толық жұмыспен қамту.
Біз белсенді өмірлік ұстанымы бар, сатылымда оқуға және өсуге дайын бастамашыл, көпшіл, жаңадан бастаушы маман - Клиенттерді тарту менеджерін іздейміз.
Өз тарапымыздан, егер сізде ниет пен ұмтылыс болса, біз сату дағдыларын және басқа нәрселерді үйретеміз және оған көмектесеміз.
Міндеттері:
- Клиенттерді іздеу және тарту (қалада жүріп-тұру, клиенттердің кеңселеріне бару – күн сайын);
- Келіссөздер жүргізу, клиенттің қажеттіліктерін талдау.
Негізгі талаптар:
- ДК-нің сенімді пайдаланушысы, Excel, Word бағдарламаларын білу, смартфонның болуы;
- Келіссөздер жүргізу және клиентті тарту қабілеті;
- Сауатты сөйлеу және жазу;
- Көпшілдік, сыпайылық, әдептілік, мейірімділік;
- Ұқыптылық, орындаушылық, оқу қабілеті;
- Жұмыс уақытын жоспарлай білу;
- Жұмыс тәжірибесі маңызды емес;
Шарттары:
• Мансаптық өсу мүмкіндігі.
• Басқа жұмысты қоса атқару мүмкіндігі.